Педагогикалық практика бойынша бекіту конференциясы

     26.12.2022 жылы «Bolashaq» академиясында ПМНО-20-2, ПМНО-21-2 тобының студенттерімен «Психологиялық – педагогикалық», «Педагогикалық» практиканың бекіту конференциясы өтті. Конференцияға ПМНО-20-2, ПМНО-21-2 тобының студенттері, кафедра бойынша практикаға жауапты аға оқытушы Арунова Ж.А.,  практика жетекшілері Зейтова Г.С., Сарбасова К. А., Медиева С.Х. қатысты.

Бекіту конференциясы студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен практика арасындағы байланысты орнатуды, адамның өмірлік іс-әрекетінде әртүрлі жағдайдағы психологиялық, педагогикалық білімді бақылау мен талдауға ұсыныстар беру, педагогикалық ой-өрісін кеңейту, практика бағдарламасының барысымен таныстыру мақсатында өткізілді.

       Конференция барысында студенттер практиканың мақсат-міндеттерімен және бағдарламасымен таныстырылды. Жетекшілік ететін оқытушылар  студенттерге практиканы ұйымдастыру бойынша барлық қажетті құжаттар мен әдістемелік нұсқаулық берді.

    Педагогикалық практиканың мақсаты жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімді бекіту және тереңдету, сондай-ақ теориялық білім негізінде педагогикалық дағдыларды, біліктілік пен құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. Студенттер алдын ала бекітілген келісім шарт бойынша мектеп, гимназияларға барады. ПМНО-20-2 тобы «Педагогикалық» практиканы 2023 жылдың 23 қаңтарында М.Жұмабаев атындағы гимназияда, ал ПМНО-21-2 тобының студенттері «Психологиялық – педагогикалық» практиканы «6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының филиалы №23 ЖББМ-де өтеді.

       Педагогикалық практика кезеңінде студенттер болашақ педагогикалық іс-әрекетте педагогикалық рефлексия мен педагогикалық процесті сыни тұрғыдан түсінудің қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар практика студенттерге педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдыларын игеруге және педагогикалық шеберлік негіздерін игеруге мүмкіндік береді.

Студенттер практика бойынша сұрақтар қойды.Студенттердің сұрақтарына аға оқытушы Сарбасов Калимаш Амангельдиновна жауап берді. Студенттерге жолдама, практика күнделігі таратылып берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.