2026 жылдың 24 сәуірінде фармацевтикалық пәндер кафедрасында Академияның 30 жылдығына орай, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі жоспар аясында, сондай-ақ жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында табысты түлектердің қатысуымен «Talk Show» форматында ашық сұхбат кеші ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қонақтар студенттік шақтарын еске алып, мамандық таңдаудағы себептерімен және қазіргі кәсіби жетістіктерімен бөлісті.



Кездесуде мемлекеттік қызмет, ғылым, дәріхана ісі және білім беру салаларындағы тәжірибелер айтылып, әр бағыттың ерекшеліктері кеңінен талқыланды. Түлектер фармацевт мамандығының жауапкершілігі жоғары екенін атап өтіп, жастарға білімге ұмтылып, тәжірибе жинақтаудың маңызын жеткізді.


Сондай-ақ, жұмыс пен отбасы үйлесімі, уақытты тиімді басқару және жеке даму туралы құнды кеңестер берілді. Кеш барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық әрі пайдалы жауаптар алды.

Іс-шара соңында қонақтарға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталып, естелік суретке түсумен аяқталды. Мұндай кездесулер студенттерге үлкен мотивация беріп, болашақ маман ретінде қалыптасуына оң әсерін тигізеді.