«Вакцинация – денсаулық кепілі»

2026 жылдың 23 сәуірінде  фармацевтикалық  пәндер кафедрасының эдвайзері Темиреева Назым Багдаулетовна фм 22-2, ПМНО 25-2  топ студенттерімен «Вакцинация – денсаулық кепілі» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді.  Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру, олардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары туралы ақпарат беру болды. Кураторлық сағат барысында топ кураторы  академияның медициналық қызметкері   бірлесе отырып, вакцинацияның адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы кеңінен түсіндірді. Вакцинаның жұқпалы аурулардан қорғаудағы ең тиімді әдіс екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, екпе алу арқылы тек жеке адамның ғана емес, қоғамның да қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіні айтылды.

Шара барысында студенттерге тақырыпқа байланысты әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Бұл материалдар студенттердің тақырыпты тереңірек түсінуіне ықпал етті. Кураторлық сағат интерактивті форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасты.

Іс-шараның нәтижесінде студенттер вакцинацияның қажеттілігі, оның пайдасы және қазіргі медицинадағы рөлі туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, олар денсаулықты сақтаудағы алдын алу шараларының маңыздылығын түсінді.

Қорытындылай келе, мұндай кураторлық сағаттар студенттердің саналы көзқарасын қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт береді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.