“Адалдық сағаты” жалпыреспубликалық акциясы

1 қыркүйекте “Bolashaq” академиясында Білім күніне арналған “Адалдық сағаты” өтті.

Академия студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңға сәйкес дайындалған арнайы бейне-роликті тамашалады.

Сонымен қатар, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Саттарова Фарида Фаттаховна және жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі Аупенова Алия Укужановна сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы бойынша дәріс өткізді. Студенттер адалдық туралы ақпарат алды, сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі шарттарымен танысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.