Үздік оқытушы-2020

Заң пәндері кафедрасының доценті Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызын “ЖОО үздік оқытушысы – 2020” байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

“ЖОО үздік оқытушысы” атағына еліміздің 48 ЖОО-нан 150 адам ие болды.

Конкурс жеңімпаздарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.

Байқауға Республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты. Оқытушылардың қызметі екі блоктан тұратын үміткерлердің жұмысын бағалаудың өзекті сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды: I блок-оқыту сапасы, II блок-ғылыми-зерттеу қызметі.

Биыл алғаш рет “ЖОО үздік оқытушысы-2020” конкурсына қатысуға өтінімдерді беру, құжаттарды тексеру рәсімі, сондай-ақ апелляция ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы онлайн-режимде өткізілді.

Үміткерлердің алған балдары ақпараттық жүйеде жарияланды және конкурс үміткерлеріне нәтижелерімен онлайн-режимде танысуға мүмкіндік берілді.

Дереккөздер: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/150450?lang=ru&fbclid=IwAR1sZoHK_hZI_lnk9uzyP6VwLgSmWX_f9lB6WwzCGnuw1kOKMSGbIuDuEWs

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.