Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған өлеңдер эстафетасы

2021 жылы еліміз талантты ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойын атап өтеді. Қасым Аманжоловқа арналған поэзиялық оқулар осы жылдың қазан айында өтеді.

Мерейтойлық іс-шаралар аясында әлеуметтік желілерде өлеңдер эстафетасы басталды. Барлық тілек білдірушілерді эстафетаға қатысуға шақырамыз. Қасым Аманжоловтың өлеңдерін #qasymamanzholov #qasym110 #zhyrestafetasy хэштегімен әлеуметтік желілерде және “Bolashaq”академиясының сайтында жариялаңыз.

Мерейтой аясында Қарағанды өңірі жыр эстафетасын бастады. Эстафетаны Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы алып, қазақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбайға тапсырды.

Қазақ ақыны Ғалым Жайлыбай эстафетаны қабыл алып, оны халықаралық ақындар одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ақын Жүрсін Ерманға тапсырады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.