“Болашақ” колледжінің оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылдың 30 наурызында ЖББ кафедрасы оқытушылары Р.Р. Ганеев пен М.К. Абдрешева “Bolashaq” Академиясының жатақханасына барып, онда тұратын колледж студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмысын “Зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел аясында өткізілді. Студенттер дөңгелек үстелге белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдірді. Оқушылардың белсенділігі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кезінде де байқалды. Олар оқуды ұйымдастыру, ЖОО-ның артықшылықтары және төлем жүйесі туралы сұрақтар қойды. Кафедра оқытушылары барлық сұрақтарға жауап беріп, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратып, академияның әлеуметтік желілеріне жазылуға және сайттың белсенді пайдаланушылары болуға шақырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.