Ұстаз – ұлы есім. Қ.Н.Меңлібаевты еске алу кеші

29 наурыз күні «Bolashaq» академиясы шаңырағында Академик Қ.Н.Меңлібаевты еске алу күніне арналған шара өткізілді. Академия бұл шараны үлкен дайындықпен өңірлік деңгейде атап өтті. Арнаулы кешімізге Академиктің адал жары және қаламызға ғана емес, республикамызға белгілі азаматтар, ғалым-қайраткерлер, профессор, оқытушылар, Академия түлектері мен студенттері қатысты. Кешті профессор Қ.З.Сембиев және Ғылыми хатшы Б.Т. Ахметова жүргізді.

Облысымыздың айтыскер-ақыны Айтбай Жұмағұлов ардақты азамат, қайраткер, ұлағатты ұстаз Қ.Н.Меңлібаевқа арнауын тарту етті.

Еске алу кешті Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Басқарма төрағасы – ректоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Н.О. Дулатбеков ашты.

Н.О.Дулатбеков ұстаздың еңбегі жалпы білім алу процесінде атқарған жұмыстары, білімділікті арттыру, расында да, бұл – талмай еңбек ету мен тынбай ізденудің арқасында ғана қол жеткізетін жетістік екенін айта келіп, Академия білім ордасы  Қ.Н.Меңлібаев  салған сара жолмен жүріп, ол нұсқаған сүрлеумен ғана ілгері  алға басқанын зерделеп шықты.

Қ.Н.Меңлібаев ұлағатты ұстаз ғана емес, мол тәжірибесін әріптестерімен бөлісе білген тағылымды жанның, адал досы – Д.М. Сарсенбаев  көпшілікке студенттік шақтан іскер, жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстіндегі адал дос екенін  айшықтай келе, жүрек жарды лебізін білдірді.

Аталған іс шарада өңірімізге белгілі азаматтар, ұстаздың отбасы, достары, әріптестері де жарыса шығып, біртуар сырбаз азамат, ұлағатты ұстаз, білікті басшы, өмірі өнегемен өрілген Қ.Н.Меңлібаев жайында естеліктерімен бөлісті.

Өзі өмірден өткенімен артында өшпестей із қалдырған ұлағатты ұстаз жайында Академия түлектері атынан Д. Жанабаев және студенттердің өзін – өзі басқару ұйымының атынан белсенді студент З.Гартман рухани жан дүниесі таза, адамға деген мейірімі мол жан екендігін еске алып, ұстазға  құрмет көрсетті.

Көзін көрген замандастары, әріптестері, шәкірттері ол туралы естелік әңгімелерін айта келе, жақсының жақсы қасиеттерін жастар үшін қашанда үлгі екені дәріптеді.

Кеш соңында Академик Қ.Н. Меңлібаевтың жұбайы – Айман Әбенқызы ризашылығын білдіріп, бүгінгі іс – шараның жоғары деңгейде өткенін бағалап, көпшілікке өзінің ыстық лебізін жеткізді.

Аталған шараның соңында «Bolashaq» Академиясының ректоры Г.М.Рысмагамбетова сөз алып, білім ордасының дамуы үшін қажырлы еңбек еткен, қызметі барысында тек абырой биігінен көріне білген азамат – Қ.Н. Меңлібаевты  ел есінен шығармайтынын айта келіп, академиктің жұбайы – Айман Әбенқызына гүл шоқтары мен Қ.Н.Меңлібаевтың портретін табыстады.

Ардақты ұстазға арналған, естелік кітап көпшілікке табысталды.

Кітап жоғары білім берудің дамуына елеулі үлес қосқан, өңірде белгілі еңбек сіңірген білім қайраткері, академик Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.