«AIU – 2023: Analyze. Innovate. Use» конференциясына қатысу

2023 жылғы 24 мамырда құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы университеттің 5 жылдық мерейтойына және педагогикалық колледждің 95 жылдық мерейтойына арналған ” AIU-2023: Analyze. Innovate. Use” халықаралық ғылыми -практикалық конференциясы жұмысына қатысты.

Конференция жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті. Қатысушылардың географиясы әр түрлі. Конференция жұмысына Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республикасының, Польша Республикасының және басқа елдердің өкілдері қатысты.

Ақылбек Тайбулатұлы “Қазақстан Республикасында заң білімін жетілдіру мәселелері” тақырыбында баяндама жасап, заңгер әріптестері мен конференцияның басқа да қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ, А.Т. Қабанов біздің академиямыз бен Астана халықаралық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы шарт жасасты.

Конференция қорытындысы бойынша университет басшылығы А.Т. Қабжановтың белсенді қатысуын ерекше атап өтті, заңгердің кәсібилігі мен шеберлігі үшін алғыс айтып, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа деген үмітін білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.