Педогогика кафедрасының кәсіптік (педагогикалық) практикасының қорытынды конференциясы

2023 жылғы 23 мамырда ПМНО-20-2 тобының студенттерінің ұйымдастырылумен  23.01.2023– 12.05.2023 ж.ж. аралығындағы 10 аптаға жоспарланған “Кәсіптік (педагогикалық) практиканың”  қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға кафедраның аға оқытушылары Жапанова Р.Н., Сарбасова Қ.А., Арунова Ж.А. Медиева С.Х., Бакарамова С.А. және ПиП-20-2 тобының студенттері қатысты.

     ПМНО-20-2 тобының студенттері: Сейдуәли М., Мұхамедия А., Нүркен Е., Журсинбекова А., Еркін С. «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия КММ-де» іс-тәжірибеден өтті.

ПМНО-20-2 тобының студенттері Қарағанды қаласы, «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия КММ-де», өткен практикалары бойынша орта білім беретін   мекеменің педагогикалық құжаттары: Мемлекеттік стандарты, мекеменің Концепциясы және даму бағдарламасы туралы айтып өтті. Іс-тәжірибе кезеңіне құрылған іс-тәжірибе өтушінің жеке жоспары, өткізілген сабақ жоспарлары, педагогикалық кеңестің материалын оқып, атқарған  жұмыстарына тоқталып кетті. 

  Болашақ педагог ретінде өзіндік жұмысқа дайындалу материалдарын: кеңестер, семинарлар, диагностикалық карталарды толтырғанын, жасаған жұмыстарын слайд, видео бойынша көрсетіп өтті. ПМНО-20-2 тобының студенттері: Сейдуәли М., Мұхамедия А., Нүркен Е., Журсинбекова А., Еркин С. жүргізген іс тәжірбиелері бойынша есебі мен құжаттарды тапсырып, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.

Жапанова Р.Н., Сарбасова Қ.А., Арунова Ж.А.  Бакарамова С.А. және практика жетекшісі Медиева С.Х практика жайында өз пікірін білдіріп, практиканың болашақ педагог мамандарын даярлаудағы маңызын, маманның біліктілігін қалыптастыруда ерекше орын алатынын айтып, студенттердің қорытынды бағасын шығарды. Сөз аяғында студенттерге сәттілік тіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.