Кітап жаңалықтарымен таныстырамыз

“Bolashaq” Академиясы кітапханасының кітап қоры жаңа шығармамен толықтырылды.

Оқырмандар назарына Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы Болат Мағазович Сағындықовтың өлеңдер жинағы ұсынылды.

Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.

Кітапхана оқырмандарды Абай көшесі, 17 үй мекен-жайына шақырады.

Сағындық Б.М.
Үзілмес үміт / Б.К. Сыздықтың редакциясымен. – Қарағанды: «Болашақ-Баспа» РББ, 2020. – 165 б.
ISBN 978-601-273-435-5

Бұл жыр жинағы саяси қуғын-сүргіндер құрбанының ұрпағы Болат Мағазұлы Сағындықовтың кейінгі бір-екі жыл шамасында жазған дүниелерін қамтыған. Автордың шығармашылығы небір нәубет пен қасіреттің қайғы-мұңына шырмалып қалмай, қайсарлықпен алға жүрудің, жалынды жастық шақты бағалаудың, қоғамдық маңызды мәселелерге азаматтық үн қатудың, бойдағы қайратты қайраткерлікке ұластырудың үлгісі іспеттес. Көкіректі кернеген ащы зар да, жүректің нәзік сыры да, ұрпаққа өнеге берер ұлағатты сөз де, ер-азаматты жігерлендіретін қайрақ сөз де, келешекке деген үміт те осында. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/04/%D0%9C%D0%B0%D0%B7%D0%BC%D2%B1%D0%BD%D1%8B-2.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/04/%D0%A2%D0%B8%D1%82%D1%83%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B9-41.pdf

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.