Еңбек күніне арналған кездесу

26 қыркүйекте фармацевтикалық пәндер кафедрасында 2013 жылғы қарашада Республика Президентінің Жарлығымен белгіленген еңбек күніне орай жұмысшы мамандықтарын құрметтеу дәстүрлерін жаңғырту және жас кезінен еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында cтуденттермен кездесу өткізілді. Іс-шараға Фармация мамандығының барлық оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кафедраның құрметті ардагерлері, жоғары біліктілік санатты провизор-ұйымдастырушы Болдыш Светлана Камашевна және медицина ғылымдарының докторы, профессор Тнимова Гульбагиза Тауфиковна тәжірибелерімен бөлісіп, өздерінің еңбек жолдары туралы, өз кәсібін ұдайы жетілдіру қажеттілігі туралы, жастардың еңбекке деген құрметін қадірлеу туралы айтып берді. Студенттер құрметті оқытушыларды қызығушылықпен тыңдап, Қазақстандағы Еңбек күнін мерекелеу-тағы бір жақсы жаңғырған дәстүр деген пікір білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.