Түркі жазуы күніне және ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазақ жазуы және түркі руханияты» атты зияткерлік сайысы

2022 жылғы18 мамыр күні Қасым Аманжолов музей-үйінде Түркі жазуы күніне және халық мұғалімі А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған “Қазақ жазуы және түркі руханияты” атты зияткерлік сайыс өтті. Іс-шараға қазылар алқасына төрағалық еткен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор К.З. Сембиев қатысты.

Сайыс қала, аудан білім бөлімдерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне жауапты әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттарының қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшілері арасында түркі жазуы күні мерекесін және түркі дүниесіне ортақ рухани мұрамызды насихаттау, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлын ұлықтау және мектеп мұғалімдері арасында сауатты және ойға жүйрік мамандарды анықтау мақсатында өткізілді.

.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.