“Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің отырысы

13 мамырда “Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің отырысы өтті.

Үйірме отырысына Ю-21-2, Ю-20-2 топтарының студенттері қатысты.

Үйірме отырысы реттеушілік саясат және Қазақстан Республикасының құқықтық актілер жүйесі мәселелерін талқылауға арналды.

Үйірме отырысын заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Н.С. Жұмжұмаев өткізді.

Отырыста “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының кейбір ережелері қаралды.

Үйірме отырысына қатысушылар құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және жариялау, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібінде нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілерге шағымдану (дау айту) ерекшеліктері мәселелерін талқылады.

Үйірме отырысы еркін жағдайда өтті. Құқықтық қайшылықтарды шешу жолдары туралы мәселе қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, қабылдау, тіркеу, жариялау, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, тоқтату, тоқтата тұру, жүйелеу және түсіндіру ережелерін одан әрі зерделеу қажеттігін атап өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.