“Облыстың қалалары мен аудандарының жастар ресурстық орталықтарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігінің индикаторларын жетілдірудің V кезеңі” тақырыбында Семинар-тренинг

11 қазанда “Jas Otan” жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалында “облыстың қалалары мен аудандарының жастар ресурстық орталықтарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігінің индикаторларын жетілдірудің V кезеңі”тақырыбында екі күндік семинар-тренинг басталды.

Семинардың мақсаты: өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды жетілдіру мәселелерін қарастыру және сындарлы талқылау, облыстың әлеуметтік, мәдени, қоғамдық-саяси өміріндегі жастардың рөлі мен орнын талқылау.

“Bolashaq” академиясын семинарға студент Бексұлтан Мағрупжанов таныстырды.

Екі күн ішінде ресурстық орталықтардың басшылары қазіргі жағдайда өзін-өзі ұйымдастыру және әлеуметтендіру процестерінде жан-жақты көмек көрсетудің жаңа тиімді әдістерін жетілдіру бойынша оқытудан өтеді.

Читать новость

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.