Фармациялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С. және Блялев С.А. ФМ 23-2 және 25-2 топтарында Қазақстандағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ашық кураторлық сағат өткізді.

Іс-шара барысында студенттер XХ ғасырдағы ең ауыр кезеңдердің бірі – ашаршылық пен саяси репрессия жылдарының тарихи шындығымен танысты. Қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың тағдыры, халық басынан өткен зұлмат, сондай-ақ бұл оқиғалардың ұлттық санаға тигізген әсері жан-жақты талқыланды.

Кураторлық сағаттың мақсаты – тарихи жадты сақтау, өткеннен сабақ алу және жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Студенттер өз пікірлерін білдіріп, тарихи деректерге талдау жасап, маңызды мәселелер төңірегінде ой қозғады. Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннің басты себептері қандай болды?
2. Бұл оқиғалар қазақ халқының дамуына қалай әсер етті?
3. Қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры бізге нені үйретеді?
4. Неліктен тарихи жадты сақтау маңызды?
5. Қазіргі жастар бұл кезеңнен қандай сабақ алуы тиіс?
6. Тәуелсіздіктің қадірін түсінуде бұл тақырыптың орны қандай?
7. Мұндай қасіреттердің қайталанбауы үшін не істеу қажет?