«Bolashaq» академиясының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері – халықаралық ғылыми конкурстардың жүлдегерлері

Жастар ғылымы күндері аясында Ресей ІІМ Барнаул заң институты «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында шет тілдерінде (ағылшын, неміс) мультимедиялық презентациялар бойынша халықаралық қашықтықтан (сырттай) конкурс өткізді. Аталған конкурсқа «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері белсенді қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша студент Туран Расул Жанатханұлы жеңімпаз атанып, «Нақтылық пен айқын ұстанымы үшін» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. Оның конкурстық жұмысы «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбына арналды және ағылшын тілінде ұсынылды. Ғылыми жетекшісі – Жунусова Ляззат Мұратханқызы.

Студентка Ибрагимова Асыл «Қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі» тақырыбындағы жұмысы үшін (ағылшын тілінде) «Қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – Кабжанов Ақылбек Тайболатұлы.

Темірбай Сабина Қуандыққызы «Практикалық маңыздылығы үшін» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. Ол курсанттар, тыңдаушылар және студенттердің «Ресей заңнамасын жетілдіру мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференциясының «Адам құқықтарын қамтамасыз ету» секциясына қатысу қорытындысы бойынша жүлдеге ие болды. Ғылыми жетекшісі – Жунусова Ляззат Мұратханқызы.

Студенттер мен ғылыми жетекшілерді жоғары жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ғылыми және білім беру қызметінде табыстар тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.