2-курс «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті Әбеуғалиева Жания Ерболовнаны (ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тлеужанова Г.К.) «Студенттер» номинациясы бойынша «Лингводидактика және шетел тілдерін оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» бағыты аясында «Ғылым әлемінде: филология, лингводидактика және аударматану мәселелері» атты X Халықаралық студенттер, магистранттар және аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында II орын иеленуімен құттықтаймыз.


Аталған конкурс Ресей Федерациясының Чебоксары қаласындағы И.Я. Яковлев атындағы Чуваш мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өткізіліп, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарынан 150-ден астам қатысушының басын қосты. Конкурсқа ұйымдастырушы жоғары оқу орындарының беделді мамандарынан құралған халықаралық қазылар алқасы төрелік етіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.
