Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Болашақ» Студенттік Республика студенттері «Мейірім» волонтерлік ұйымымен бірлесіп, «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және жас ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастыру.


Аталған акция аясында студенттер тыл еңбеккерлері Наурызбаева Рзықия мен Таисия Маркеловна апалардың шаңырағына арнайы барып, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Кездесу барысында апаларға азық-түлік табысталып, жылы лебіздер айтылды. Өз кезегінде, ардагерлер ақ баталарын беріп, алғыстарын білдірді.
Ерлік пен еңбек – мәңгі ел жадында!