“Bolashaq” академиясының түлектері өзіндік үлгідегі диплом алды

2021 жылдың 30 маусымында “Bolashaq” академиясының түлектері жоғары оқу орнын бітіргені туралы өз дипломдарын алды.

Бүгін көктен шұға жауғандай. Диплом тапсырысы.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында тәуелсіз жоғары оқу орындарының бітіруші түлектері үшін тынбай тер төгудің арқасы шығар, шығарған ӨЗ ҮЛГІМІЗДЕГІ ДИПЛОМДАРЫМЫЗҒА бітірушілер дән риза.

Оқу процесін ұйымдастырушы ұжымға алғысымыз шексіз. Өйткені басқа оқу орындарының шығарған дипломдарына қарағанда Академиямыздың дипломы көш ілгері.

Түсі, түрі, ресмилігі көз тартады. Содан болар бітірушілеріміздің қуаныштары қойнына сыймай мәз-мейрам, жүздері жарқын!

Оларға біз де ризамыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.