Қ.И.Сатпаевтың 125 жылдығына арналған «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның «Заң ғылымдарының өзекті мәселелері және құқыққолдану тәжірибесі» секциясы және «Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесін дамыту» секциялар жұмысы бойынша ақпарат

2024 жылдың 26 сәуірінде “Bolashaq” Академиясының бас ғимаратының акт залында Қ.И.Сатпаевтың 125 жылдығына арналған «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция барысындағы пленарлық мәжілісте заң ғылымдарының кандидаты, профессор құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының менгерушісі  Кабжанов Акылбек Тайбулатович «Қылмыстық құқық бұзушылық үшін айыппұл. сыни талдау және жетілдіру перспективалары» атты тақырыпта баяндама жасады.

«Заң ғылымдарының өзекті мәселелері және құқыққолдану тәжірибесі» атты секция бағыты бойынша конференцияға 26 мақала тапсырылды. Мақалалардың көтерген мәселелері құқықтың барлық салаларын қамтыған: мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы, отбасы құқығы және басқа да салалар.

«Заң ғылымдарының өзекті мәселелері және құқыққолдану тәжірибесі» атты секция бағыты бойынша мақалалар Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы,  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Ресей Федерациясы, Абакан қаласынан Хакасск мемлекеттік университеті, Казань каласынан Әділсоттық мемлекеттік университеттерінен қабылданды.

Мақалаларда көтерілген тақырыптар ауқымы кең, өзектілігі жоғары, заманауи әлемдегі құқықтық қатынастарды қамтыған, әлі де зерттеулер талап ететін мәселелер болды.

№2 Секция – “Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесін дамыту” атты қаржыгерлер отырысында 10 баяндама түсіп белсенді түрде жиналыс өтті. Онда №15 колледж, Тараз қаласы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті. Ө. Жәнібекова, Шымкент қаласы, Бұхара мемлекеттік университеті (Өзбекстан), Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті қатысты.

Конференция секциялар жұмысына белсене қатысқан, пікірталас білдіріп, өз ойларын пайымдап, тұжырым жасаған қатысушыларға алғыс хат берумен аяқталды. Секциялар жұмысы нәтижесі бойынша ең белсенді әріптестерімізге (Садыкова К.К., Жукобаев А.А.) алғыс хат берәлді. Конференция өте жоғары деңгейде өткізілді, алдыға қойыған мақсаттар мен міндеттерге толықтай қол жеткізе алды деген сенімдеміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.