Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде мерекелік іс-шара өтті.
Аталған іс-шараға, «Bolashaq» академиясының атынан «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Б.Т. және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері қатысты.


Іс-шара барысында, Жаңа Қазақстандық қоғам құру жолындағы белсенді азаматтық ұстаным және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарды ілгерілетуге қосқан үлестері үшін «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ботагоз Телмановна және Ю-19-2 тобының студенттері – Әбілжанов Әділет, Кабышева Сания, Мергембаев Ануар, Кожахметов Марлен департамент басшысы Төлеубаев Мұрат Ахтанұлының алғысхатымен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.