“Саябақтар маршы – 2022” жыл сайынғы табиғатты қорғау акциясы аясында “Бұйратау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” өкілдерімен кездесу

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының тәжірибесі бойынша жауапты Қалдыбаева Айгүл Құдайбергенқызы жыл сайынғы “Парктер маршы – 2022” табиғатты қорғау акциясы аясында 2022 ж.22 сәуірінде “Бұйратау “мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ Ғылым жөніндегі бас директордың орынбасары Е.Т .Мизембаевпен және орман инженері
А.В.Смакотинмен 6В10101 – “Фармация”ББ студенттерінің кездесуін ұйымдастырды. Табиғи парк өкілдері “Бұйратау “МҰТП маңыздылығы мен әлеуеті”, “МҰТП аумағында биотехникалық және орманды қалпына келтіру іс-шаралары” тақырыптарында дәріс-әңгімелер өткізіп, презентациялар көрсетті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. “Бұйратау “МҰТП туристік бағыттары”, “Бұйратау МҰТП”,” Бұйратау “Карта-схемасы “және т. б. буклеттер таратылды.

Студенттермен кездесуден кейін кафедра меңгерушісі Сұлтанов А. К., өндірістік практикаға жауапты кафедра доценті Қалдыбаева А. К. және магистр Хаштай К. С. ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде “Бұйратау” өкілдерімен 30.04.2022 ж. бастап 16.05.2022 ж. дейін “Фармакогнозия” бойынша 4 курс студенттерінің алдағы өндірістік практикасы жөнінде ойларымен бөлісті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.