Діни-құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша семинар-тренинг

2019 жылдың 6 желтоқсанында “Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ және “Нұрлы білім” ҚБ діни-құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту семинар-тренинг өткізді. Семинарға әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Б. Б. Ахметова, “Руханият” ҒЗО директоры А. У. Аупенова және “қаржы” кафедрасының аға оқытушысы А. З. Апеева қатысты.

“Нұрлы білім” ҚБ теологы, дінтанушы, тарихшы Р. М. Сыздықов”Қазақстан Республикасы жағдайында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша іс-әрекетті жүзеге асырудың ерекшеліктері”тақырыбында дәріс оқыды.

Семинар-тренингтің қатысушыларымен келесі мәселелер бойынша диалог алаңы өткізілді::

– Дәстүрлі дінді дәстүрлі емес діндерден қалай ажыратуға болады?

– Діни сауатсыздықтың салдары қандай? 

– Жасөспірімдер мен жастар үшін діни қауіпсіздіктің негізгі ережелері неде?

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.