Amanat партиясының Жастар Қанатының кезектен тыс VI съезі өтті

 11-14 шілде күндері Ақмола облысының Зеренді ауылында Amanat партиясының Жастар Қанатының кезектен тыс VI съезі өтті.


         Еліміздің барлық облысынан  350-ден астам делегат пен қонақ қатысты.  Аталған Съезге « Bolashaq»  академиясының  Ю-19-2 тобының студенті және “Bolashaq Студенттік Республикасы” Премьер-Министрінің бірінші орынбасары  Әбілжанов  Әділет Бағдатұлы қатысты.


    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнежазба арқылы «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезіне қатысушы делегаттарға құттықтау сөз арнап, ел жастарына арнайы үндеу жолдады.
      ҚР Президенті Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.   «AMANAT» партиясының жастар қанаты «JASTAR RUHY» болып өзгерді. 


      Съезд қорытындысы бойынша Ю-19-2 тобының студенті Әбілжанов Әділет «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов мырзаның Алғыс хатымен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.