Шет ауданы мектептерінің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 20 сәуірінде ZOOM тұғырнамасында «Bolashaq» Академиясы оқытушылары мен Шет ауданының барлық мектеп түлектерімен кәсіби бағдар беру барысындағы онлайн-кездесуі болып өтті. Онлайн-кездесуге қатысқан түлектерге академияның оқытушылары ЖОО – дағы білім беру бағдарламалары туралы қажетті мәліметтерді айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Шараның өткізілуі барысында Академия туралы бейнежазбалар көрсетіліп, презентация бойынша толық ақпарат берілді

Алдағы уақытта облыс бойынша барлық аудан, қалалармен қашықтықтан кәсіби бағдар беру жұмысы жалғасады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.