Фестиваль  «Мемлекеттік тіл – менің тілім!»

Құрметті “BOLASHAQ” Академиясының студенттері мен оқытушылары!

2024 жылдың 29 ақпанында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А. Абылбаеваның жетекшілігімен біздің бірінші курс студенттері мен үшінші курс студенттері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде мемлекеттік тілге арнап өткізілген “Мемлекеттік тіл-менің тілім!” атты іс-шараға қатысты.Бұл сайыста біздің дарынды студенттер өздерінің тілдік қабілеттері мен мәдени мұраларын және патриоттық қасиеттерін көрсете алды!

Біздің студенттер байқауда оның күрделілігі мен мықты қарсылас командаларына қарамастан құрметті екінші орынға ие болғанын қуана хабарлаймыз! Барлығы 5 ЖОО – ҚарУ, Политехникалық университет, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, “BOLASHAQ” Академиясынан мықты командалар жиналды.

Команда капитаны шет тілдерінің бірінші курс студенті – Науменко Полина болды, ол өзіне қойылған барлық сұрақтарға сенімді жауап берді. Дудукина Ксения-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының бірінші курс студенті, викторинаға белсенді қатысты. Құқықтану студенті-Адкина Алина – конкурста тапсырмалардың бірін -сахналау кезінде креативтілік танытты. Шет тілдерінің бірінші курс студенті Мурадова Рузалина да байқауға белсенді қатысты. Бұл тамаша жетістік олардың қажырлы еңбегінің, шығармашылық көзқарасының, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігі мен адалдығының және қазақ тілі оқытушысы – Абылбаева Баян Алтынбекқызының жұмысының жемісі болып табылады!

Шет тілдер факультетінің бірінші курс студенті Верхотурова Софияға конкурсқа арналған презентациялар, бейнелер, фотосуреттер жасағаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді! Сондай-ақ, 3-курс студенттері Екатерина мен Владиславқа әдемі көрініс қойғаны және би билегені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді!

Студенттерімізді осы тамаша жетістіктерімен құттықтай отырып, осы байқауға дайындыққа өз еңбектері мен күш-жігерін жұмсағандардың барлығына алғысымызды білдіреміз және Абылбаева Баян Алтынбекқызына ерекше алғысымызды білдіреміз!

Біз сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және бұл сіздің жаңа биіктерге көтерілу жолыңыздың бастамасы екеніне сенімдіміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.