«Менің бауырым» волонтерлік жобасы

2024 жылдың 29-ақпанында ҚР Оқу-Ағарту Министрлігі мен Қарағанды облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ЖОО басшыларына арналған «Менің бауырым» еріктілер жобасын іске асыру бойынша семинар-кеңес өтті. Аталған семинар-кеңеске құқықтық және қаржылық пәндері кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Отыншиева, Ю-23-2 тобының студенттері Т. Кадрин мен  С. Иманбеков қатысты.

Еріктілер жобасының мақсаты – оқушылардың қолайлы даму ортасында білім алуын қамтамасыз ету мақсатында оларға қолдау көрсету.

«Менің бауырым» волонтерлік жобасы облыс жастарына облыс мектептерінің оқушыларын қолдауда өз күштерін қолдану үшін кең мүмкіндіктер ашады. Еріктілер оқушыларды патриоттық және экологиялық тәрбие жобалары; рухани-мәдени жобалар; кәсіптік бағдар; буллингке қарсы бағдарламалар; қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, қаржылық, оқырмандық және цифрлық сауаттылықты, бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын дамыту жөніндегі жобалар сияқты әлеуметтік тәжірибелерді іске асыру арқылы тануға, дамытуға және шығармашылыққа шабыттандыра алады деп үміттенеміз. 

Қарағанды облысында «Менің бауырым»волонтерлік жобасын жүзеге асыруға Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Қарағанды индустриялық университеті, «Bolashaq» Академиясы, Орталық Қазақстан Академиясы және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің білім алушылары, Қарағанды жоғары интерколледжінен барлығы 390 волонтердің қатысуы жоспарлануда.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.