«Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты

2021 жылғы 9 қазанда «Bolashaq» академиясы білім ордасында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарымен бекітілген «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Іс шараны қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Н.Т. Ахметова өткізді.

Іс-шара орыс тілді студенттер білім алушылар топтарында өтті.

Алғы сөзді оқытушы бастап, Тәуелсіздік –халықтың үні, ұлттық тілі мен ділі, мәңгілік елдің бастауы, еліміздің ең үлкен құндылығы екенін айта келіп, халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы жанқияр ерлігін жас ұрпаққа таныту мақсатындағы шаралардың маңыздылығына тоқталды. Іс шараға академия оқытушылары мен факультет аралық топтардың белсенді студенттері қатысты.

Студенттер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған ақындардың өлең-жырларын оқыды, сонымен қатар, өз жүректерінен шыққан өлеңдерін тебірене оқыды. Олар Тәуелсіздік жолында құрбан болған «Жас өркендерді» еске алып, олардың аты ешқашан ұмытылмайтындығы, олардың ерлігі жасампаз екендігі туралы презентациялар көрсетіп, оларға арналған әндерді орындады.

Осы орайда өз өнерлерін көрсеткен: Фм – 21-1 тобының студенттері Рахимова Зарина, Төлеуова Камила, Байымбаева Томирис, Ю-21-1 тобының студенті Ыбырай Нәсіп сынды студенттерімізді атай кеткен жөн.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.