“МЕЙІРІМДІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА 10 ЖЫЛ” VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары 2023 жылғы 19-20 желтоқсанда Алматыда (онлайн)өткен “МЕЙІРІМДІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҒЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА 10 ЖЫЛ” халықаралық сарапшылардың қатысуымен VIII Республикалық конференцияға қатысты.

Ұйымдастырушылар: қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығы ҚАПП Қазақ онкология және радиология ҒЗИ ҚазОРҒЗИ қолдауымен: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Халықаралық хоспис және паллиативтік көмек қауымдастығы iahpc Дүниежүзілік хоспис және паллиативтік көмек альянсы WHPCA американдық-Еуразиялық ісікке қарсы альянс AECA Қазақстанның балалар халқына паллиативтік көмек қауымдастығы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры “Қатерлі ісікке қарсы бірге” қоры бас серіктес: Каспий университеті (Каспий Университеті).

Одан кейін Кэтрин Петтус (онлайн), Чинчон қ., Испания, София Майклсон (онлайн), Майами қ., АҚШ, Иран Шаметеков, Алматы қ., Қазақстан, Ләззат Ақтаева, Қонаев қ., Қазақстан, Бану Нұрғазиева, Астана қ., Қазақстан Республикасы, құттықтау сөз сөйлеп, “Қайырымдылық қоғамдастығы – бірге паллиативті көмек үшін” тақырыбында Стивен Коннордың (онлайн), Вашингтон, АҚШ, “Еуропалық аймақтағы паллиативті көмектің дамуындағы қазіргі жағдай” тақырыбында Джулия Лингтің (онлайн), Дублин, Ирландия Республикасы, баяндамалары тыңдалды.

Секцияларда паллиативтік көмектің клиникалық, әлеуметтік-психологиялық және коммуникативтік аспектілері, оқыту және ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Іс-шара соңында паллиативтік көмек чемпиондарын құрметтеу және марапаттау рәсімі өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.