Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің 30-жылдығына арналған «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты студенттер арасында брейн-ринг ойыны

2021 жылдың 2-желтоқсанында заң пәндері кафедрасының оқытушылары А.Ж. Әбдіжәми, Г.К. Отыншиева, Д.Б. Нуртаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің 30-жылдығына арналған «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты құқықтану білім беру бағдарламысынан басқа, барлық білім беру бағдарламасы студенттерінің арасында брейн-ринг ойынын өткізді.

Ойынның мақсаты мен міндеті:

  • Студенттердің тұлғалық интеллектуалды дамуына, әрі қарай оқуға және шығармашылық зерттеулерге ынталандыру;
  • позитивті бәсекелестік дағдыларын дамыту:
  • шығармашыл жастарды шоғырландыру.

Брейн-ринг ойыны 3 кезеңді қамтыды:

  1. Кім жылдам?
  2. Жалпы сұрақтар.
  3. Егер де мен………  

Ойынға фармация, қазақ тілі мен әдебиеті, қаржы, педагогика және психология, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бағдарламаларының студенттері қатысты.

Ойынның қорытындысы бойынша:

1-орынды қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының студенттері иеленді (Оразхан Айкенже, Журагат Аймарал, Шокпарова Алуа).

2-орынды фармация білім беру бағдарламасының студенттері иеленді (Жарылгасынов Ерсұлтан, Ысқақов Әлібек).

3-орынды қаржы (Танашов Жанат, Алтынбек Аяжан) және педагогика және психология, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бағдарламаларының студенттеріі иеленді (Мусалим Мадина, Мухамедия Айым).

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.