18 қазан – Рухани келісім күні!

2023 жылдың 18 қазанында «BOLASHAQ» академиясының 6B01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының  К-23-1, К-21-1, КР-21-1, К-20-1 топтарының студенттері мен кураторлар п.ғ.м., аға оқытушы Касетова.Н.К., п.ғ.м., аға оқытушы Жанузахова К.К. жетекшілігімен «Татулық пен келісім – біздің басты байлығымыз» тақырыбында  тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында студенттер  татулық пен келісім жайында өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Шараның мақсаты ­­– Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы –  азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу.

Студенттердің бойында еліміздің одан әрі табысты дамуы үшін көпұлтты Қазақстан халқының рухани құндылықтарын нығайту.

Қазіргідей алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау – өзекті мәселелердің бірі. Қай ұлттың, діннің өкілі болмасын, өз тіршілігінің тыныштығын, тұрақтылығын қолдайды. Сондықтан, Рухани келісім күнінің маңызын әр студентке жете түсіндіру.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.