Әріптестерімізді мақтан тұтамыз

25.10.2019 жылы Сәкеннің 125 жылдығына орай облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен «Сәкен Сейфуллин: ұлттық рух және ұрпақтар сабақтастығы» атты ғылыми-конференция өтті. Түрксойдың басшылығымен жарық көрген «Үш арыс» кітабының тұсауы кесілді. Түркиядан ғалымдар профессор Ахмет Хаджы Шимшек (Конья, Сельчук университеті) пен профессор, доктор Меhмет Серhат Йылмаз (Кастамону университеті) қатысты.

Конференцияның ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқаны және Түркия мен Қазақстан арасындағы ғылыми байланысты дамыту саласындағы еңбегі үшін профессор Жұмаділова Нұршат Төлеуғалиқызы Сәкеннің мерейтой медалімен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.