Мемлекет басшысы Қарағанды облысы ҚХА ҒСТ отырысына қатысу

2021 жылғы 2 наурызда Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері стратегиялық даму жөніндегі проректор Г.М. Рысмағамбетова мен “Руханият” ҒЗО директоры А. У. Аупенова ZOOM тұғырнамасындағы Достық Үйінде ҚХА ҒСТ отырысына қатысты.

А.У. Аупенова “Қазақстан халқы бірлігінің бастауы: өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан Сарыарқа тұлғалары туралы электрондық ресурстар базасын дамыту жобасы” баяндамасымен сөз сөйледі.

Отырыста 2021 жылға арналған жұмыс бағыттары мен мерейтойлық күндер анықталды:

-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізу;

“Алаш” қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Нұрмұхамедұлының 155 жылдығы; қазақтың тұңғыш математик – ғалымы Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың 130 жылдығы; қазақтың тұңғыш құқық магистрі Жақып Ақбаевтың 145 жылдығы; қазақтың ақын-публицисі Қасым Аманжоловтың 105 жылдығы; қазақ ағартушысы, педагог, публицист, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл; халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл; желтоқсан оқиғаларына 35 жыл (1986); Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл (1991ж.) ; Ақын және ойшыл, “Кутадгу билиг” философиялық-дидактикалық поэмасының авторы Жүсіп Баласағұнның туғанына 1000 жыл»;

– “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру жоспарының жаңа құрылымын қарау;

– Қазақстан халқы Ассамблеясының “Қазақтану “ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру.

2021 жылға жоспарланған іс-шаралар:

-Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру үшін, сондай-ақ ҚХА-ның “Қазақтану” ғылыми-ағартушылық жобасын іске асыру мәселелері бойынша жастармен кездесулер өткізу үшін ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының қатарынан спикерлер тобын қалыптастыру;

-“Тұңғыш Президент жолымен” жобасын іске асыру – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін құруға қосқан үлесі туралы көрмелер, кездесулер, фильмдер, конференциялар ұйымдастыру;

-ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне және жас ғалымдардың қатысуымен үздік ғылыми жобаға облыстық конкурс өткізу және жинақ шығару;

– мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі ретінде дамыту және Қазақстан халқының тілдерін насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған “Ұлы даланың-ұлттық тілі” ғылыми – практикалық конференциясын өткізу;

– барлық жоғары оқу орындарында түрлі этностардың көрнекті өкілдеріне арналған іс-шаралар әзірлеу және өткізу;

-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және “Алаш Орданың” негізін қалаушылар Ә. Бөкейхан, Ә.Ермеков, Ж. Ақбаевтың “Алаш аңсаған азаттық” мерейтойларына арналған дөңгелек үстел өткізу;

-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік: ұрпақтар сабақтастығы” тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу;

-мемлекеттік және орыс тілдерінде “Қазақстан этностарының дәстүрлері” этнографиялық иллюстрациялық альбомын шығару.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.