Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылдың 15 сәуірінде «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Байбекова В.А., Мекадилова С.К. Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ-нің 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша  кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы «Bolashaq» академиясының орны, оның соңғы жылдардағы республикалық рейтингтегі ең жоғары деңгейлері, студенттер саны, білім беру нысандары, білім сапасы туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ білім сапасы, бакалавр дипломы, халықаралық қатынастар, оқу процестері мен жетістіктері туралы мәліметтер айтылды. Академиямыздың негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, білім беру нысандары айтылды, кездесу соңында оқушылар сұрақтар қойып, оларға жауап берді.

Кездесу барысында оқушыларға буклеттер таратылды. Оқушылар академиядағы мамандықтар жайлы көп сұрақ қойды. Барлық сұрақтарына толық мағұлмат берілді. Олар риза болып, алғыс айтты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.