“Мамандықты дұрыс таңдау – табысты болашақ кепілі”

11 сәуірде №2 Қарағанды оқушылар Сарайында Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай мектептерінің түлектеріне арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шара түлектерді мамандықтарды таңдауда таныстыру және ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада мектеп түлектерінің ЖОО өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды. Түлектерге жоғары оқу орындарымен, білім беру бағдарламаларымен танысуға, сондай-ақ жоғары оқу орындары өкілдерінен қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берілді

Аталған іс-шараға “Bolashaq” Академиясының атынан “Педагогика” кафедрасының оқытушылары С.С. Шутенова, Г.С. Махмутова, Г. К. Нұркенова, “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының оқытушысы Н.К. Касетова қатысты.

Көрмеден кейін акт залында ЖОО өкілдерімен кездесу өтті, онда әрбір ЖОО өзінің оқу орнын таныстырды. Шутенова С.С. спикер ретінде сөз сөйлеп, академиямызды таныстырды.

Жалпы, мұндай іс-шаралар кәсіптік бағдар беру жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Бұл іс-шараның түлектер үшін де, жоғары оқу орындарының кәсіптік бағдар беру жұмысы үшін де жіті мәселе екендігін. атап өткіміз келеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.