Өндірістік практиканың қорытынды конференциясы

16-сәуір күні педагогика кафедрасының аға оқытушысы          Мекадилова С.К. 6В01101-«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен өндірістік практиканың қорытынды конференциясын өткізді. Конференцияға ОӘБ практика бойынша маманы Сейтжанова Д.С., аға оқытушы Шутенова С.С. қатысты.

ПиП-20-2 тобының студенттері өндірістік практиканы 29-қаңтар мен  5-сәуір аралығында, Қарағанды «BOLASHAQ» жоғарғы колледжінде өтті.

Өндірістік практиканың мақсаты нақты қызмет жағдайында кәсіби позицияны сынақтан өткізу болып табылады: оқу-тәрбие процесі мен білім беру ортасын жобалау, іске асыру және бағалау саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметтің практикалық дағдылары мен іскерлігін игеру, кәсіби қызмет саласында құзыреттіліктерді, сондай-ақ дербес кәсіби қызмет тәжірибесін қалыптастыру.

Өндірістік практиканың ерекшелігі студенттер білім беру мекемесінде педагогикалық жұмыстың барлық ерекшеліктерімен терең танысады, тәрбиелік іс-шара жүргізеді, оқытушылардың сабақтарына қатысады және талдайды, педагогика және психология пәндерінен сабақтар өткізеді

10 апталық практика кезінде студенттеріміз өте көптеген жаңашылдыққа үйреніп, үлкен тәжірбие жинақтағандарын қорытынды коференциясында сеніммен айта кетті. Конференция барысында студенттер өздерінің практикадан өткен жұмыстарын көрсетіп, есеп берді.

Студенттер өздерін педагог ретінде қалыптастырып, педагогика және психология пәндері бойынша сабақтар, тренинг элементтері араласқан ойындар, психокоррекциялық жұмыстар мен бақылаулар жүргізіп, тәрбиелік мәні бар кураторлық сағаттар мен ашық сабақтар өткізіп мол тәжірбие жинақтады.

Конференция соңында қатысушы маман мен оқытушылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылып, студенттермен практика барысы талқыланды.

Бітіруші түлектерімізге тек қана сәттілік тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.