Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы күндізгі оқу бөлімі 3-курс студенттерінің үзіліссіз тәжірибе барысы туралы

Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы күндізгі оқу бөлімі 3-курс студенттерінің 2021 жылғы 18 қаңтар – 30 сәуір аралығындағы педагогикалық практикасы аяқталуға жақын.

Тәжірибешілердің тәлімгерлерге білгендерін көрсету кезегі келді.

2021 жылдың 7 сәуірінде ИН-18-1 тобы студенттерінің ашық сабақтары өтті:

сағат 08:45 – те 5 “В” сыныбында-Алимбаева Айдана;

09:35 – те 5 “Б” сыныбында-Ахметова Дана;

10:20-да 5 “А ” сыныбында-Кинеспаева Ләззат;

11:10 – да 4 “Б” сыныбында-Есіркепова Анель.

Барлық студенттер “45 гимназия КММ” оқушылары үшін қызықты сабақтар дайындап, ағылшын тілін оқытудың коммуникативтік әдістемесі дағдыларын табысты көрсетті.

Әдіскерлерден алынған ескертулер ескеріліп, қателіктер бойынша жұмыс нәтижелері келесі сәрсенбіде белгілі болатындығы айтылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.