“Педагогика және психология” ББ бойынша 2 курс студенттері практикасының қорытынды конференциясы

2021 жылдың 8 cәуірінде Skype бағдарламасы арқылы on-line режимінде «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары  В.А.Байбекова, Г.С.Махмутованың қатысуымен 2 курс студенттері практикасының қорытынды конференциясы өткізілді.

18 қаңтар – 02 сәуір аралығында ПжП-19-2к тобының  студентттері «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп – гимназиясы» КММ-де  педагогикалық практикадан өтті. Іс–тәжірибеге «Bolashaq»Академиясы» Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Байбекова Венера Алимкуловна жетекшілік етті.

Студенттеріміз өздерін педагог ретінде сезініп, тренинг элементтері араласқан ойындар, тәрбиелік мәні бар кураторлық сағаттар, ашық сабақтар өткізіп мол тәжірибе жинақтады. Практика кезінде студенттеріміз көптеген жаңашылдыққа үйреніп, үлкен тәжірибе жинақтағандарын «Skype» желісі арқылы өткен қорытынды онлайн коференциясында нақтылап айта кетті. Соңынан практика жетекшісі тарапынан қосымша сұрақтар қойылып, студенттермен практика барысы талқыланды. 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.