Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жастар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін бастады.

Жобаның мақсаты жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржыны басқарудың базалық дағдыларын дамыту болып табылады.

Оқу барысында қатысушылар ие болатын мүмкіндіктер:

  • бюджетті жоспарлау дағдыларын және қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдау үшін негіз болатын құзыреттер жиынтығын қалыптастыру;
  • жинақ мәдениетін қалыптастыру;
  • капиталды ұлғайту дағдыларын қалыптастыру;
  • жас қаржыгерлер клубын құру. 

Сондай -ақ, жобаға қатысушыларды оқыту процесінде қаржы әлеміндегі тәжірибелі сарапшылар мен мамандардан IPO, тұрғын үй бағдарламалары, бизнес, қаржылық стратегиялар, банк ісі сияқты салалар бойынша оқулар өткізілетін болады.

Жобаға тіркелу үшін немесе кез – келген басқа ақпаратты алу үшін 8 (776) 544-46-66 нөмерлері бойынша хабараласа аласыздар.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.