Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілхановтың атынан ізгіліктің, рухани келісімнің, достық пен этносаралық бірлікті нығайтудың гуманистік мұраттарына жоғары қызмет еткені үшін “Bolashaq” академиясының “Руханият” ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі А. У. Аупенова алғыс хатпен марапатталды.
Алғыс хатты Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV шақырылым депутаты, ф.ғ.д., профессор С.А. Абдрахманов табыс етті.