Пікір

Осы оқу жылында маған академиялық ұтқырлық бағдарламасын пайдалануға мүмкіндік берілді.

Мен, Қалиақпаров Рамазан Дәулетханұлы, Көкшетау қаласы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің педагогика және психология білім беру бағдарламасының 3 курс студенті, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында “Bolashaq” Академиясына 2021-2022 оқу жылының бірінші семестріне келдім.

Алғашқы күннен бастап академияда мені барлығы жақсы қарсы алды, ректормен, кафедраның ПОҚ, топтың эдвайзерімен, ПиП-19-1 тобының студенттерімен таныстырды. Осындай жақсы адамдардың үздіксіз қолдауының арқасында мен бүкіл күзгі семестрді сәтті өткіздім. Мұндағы жұмыстың қаншалықты үйлесімді екенін атап өткім келеді. Өз эдвайзерім Шутенова Сабира Сартаевнаға мені Студенттер үйіне орналастырғаны үшін, семестр бойы барлық құрметпен, мейірімділікпен және түсіністікпен қарағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін, ол маған қандай да бір қиындықтар болған кезде әрдайым көмектесіп отырды.

Оқитын тобым да менің көңілімнен шықты, бұл жерде әрдайым жағымды атмосфера болды. Қыздар кез-келген қиын жағдайда көмек ұсынуға дайын екендігін білдірді. Кафедра оқытушыларының құрамы өте мықты, барлық пәндер бойынша жан-жақты білім алдым деп айта аламын, бұл мені қатты қуантады, көпшілік алдында сөйлеуді, еркін ойлауды, сөйлеуді үйрендім, менің дамуыма әсер еткен көптеген семинарларға, оқиғаларға қатыстым. “Тұлға плюс” психологиялық үйірмесіне қатыстым. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған эссе жазу бойынша конкурста 2 орынды иеленіп, қатысушы дипломын алдым.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мұражайына ұйымдастырылған экскурсия үшін “Bolashaq” академиясының басшылығына үлкен алғыс айтқым келеді.

Академиялық ұтқырлық бойынша келетін студенттердің бойында аз да болса қорқыныш болатыны белгілі, бірақ сіздің айналаңыздағы адамдардың сізге деген көзқарасы жаңа ортаға тезірек үйренуге әсер етеді, маған деген осындай қарым-қатынасы үшін ректорға, кафедра оқытушыларына, оқу процесін ұйымдастырушыларға жеке алғысымды білдіргім келеді.

Менің ойымша, мұндай мүмкіндіктерді пайдалану керек! Егер маған тағы бір рет академиялық ұтқырлықпен оқуға бару керек болса, мен ойланбастан барушы едім!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған