Педагогика кафедрасының оқытушылары кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысы бойынша А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде

Қазіргі таңда білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін өскелең ұрпақтың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелері ең өзекті жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Нүркенова Г.Қ., Шутенова С.С., Есмагулова А.А. жоспарға сәйкес іс-сапармен А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлықтехникалық колледжіне барып кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысы бойынша сұхбат өткізді. Сұхбат барысында колледж білім алушыларына кәсіптік өзін-өзі айқындауды шешуде көмек көрсету бойынша бірқатар сұрақтарына жауап беріліп, олардың құндылықтық бағдарларын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, дербес және саналы таңдау жасауларына шақырды. Кездесу барысында оқытушылар «Bolashaq» академиясы туралы жан-жақты ақпарат беріп, білім алушылар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді. Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесі білім беру ұйымының оқу-тәрбие процесі аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып табылатындықтан, осы кездесуді колледж тарапынан ұйымдастыруға белсене ат салысқан педагог, бүгінде өз саласының кәсіби білікті маманы М.А. Идрисоваға алғыс білдіреміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.