Наурыз мерекесіне арналған ашық кураторлық сағат

2023 жылдың 20 наурызында “Педагогика” кафедрасының эдвайзері А.М. Тәжинин орыс бөлімшесінің “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының студенттерімен Наурыз мерекесіне арналған ашық кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты:

  • қазақ халқының дәстүрлеріне деген құрмет пен қызығушылықты тәрбиелеу;
  • студенттердің жалпы мәдениетін дамыту.

Кураторлық сағат барысында студенттермен Наурыз мейрамы, оның шығу тегі, мерекенің ерекшеліктері, дәстүрлері туралы әңгіме болды. Наурыз мерекесінің тарихына арналған бейнеролик көрсетілді.

Наурыз-Табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі. Көктемгі мереке-жаңарудың, жаңа өмірдің тууының, жаңа мүмкіндіктердің символы. Ол құнарлылыққа, махаббат пен достықтың салтанатына арналған. Наурыз — барлық жаман және жағымсыз нәрселер ескі жылда қалатынын, ал көктемде барлық жарқын және қуанышты жайттар қайта туылатынын еске салады.

Кураторлық сағаттың қорытындысында Қазақстан халқына ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу және қадірлеу өте маңызды, өйткені олар біздің халқымыздың бірлігінің негізі болып табылады деген тұжырым жасалды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.