Лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың қорытындысы

2022 жылғы 14 қарашада профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстың соңғы кезеңі өтті. 2022 жылғы 14 қазанда ЖОО сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылды.

Конкурсқа 6 кафедраның профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған 8 Құжаттар топтамасы ұсынылды. Қашықтықтан оқытуды ескере отырып, ЖОО ОӘК талдауынан өткен қосымша бейне сабақтар ұсынылды.

Комиссия құрамы 2022 жылғы 31 тамыздағы №17 п бұйрығымен бекітілген, оған: комиссия төрағасы – ректор, комиссия мүшелері – проректорлар, Академия кәсіподақ комитетінің төрағасы және кадр басқармасының басшысы кірді.

Байқау қорытындысы бойынша 8 адам байқаудан сәтті өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.