Екі апталық танымдық практика басталды

23.01.23ж  Қарағанды қаласының «Bolashaq»  академиясының  «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері  өзіндік танымдық практиканы өту үшін  тұрғылықты жерлеріндегі мектептерге барды.

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББ орта мектебіне 1-курс, яғни К-22-1 тобының студенті Алматұлы Ақжолды топ кураторы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева танымдық практикаға апарып, мектеп басшылығымен, сынып жетекшісімен кездесіп, практиканың мазмұн-мақсатымен таныстырып қайтты. Сынып жетекшісі Раушан Оралхановна бірден жұмыс бағдарламасымен таныстырып, практикантқа көптеген ақпараттар берді және өз сыныбымен кездестіріп, таныстырып өтті. Тек сабақ барысында ғана емес, сыныптан тыс іс-шараларға да қатысуға және оларды бірігіп өткізуге өз ұсыныстарын айтты. Жалпы мектеп басшылығы академия студенттерін жақсы қарсы алатындықтарын, алдағы уақытта бірігіп іс-шаралар өткізуді де, семинар, ғылыми конференцияларға қатысуға да ұсыныс білдірді. Студентіміз Алматұлы Ақжолға сәттілік тілейміз.

Қарағанды қаласы

«Bolashaq»  академиясының 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.