Фармацевтикалық пәндер кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысы

2021 жылғы 16 сәуірде Әлихан Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен “Химия”, “Биология”бағыттары бойынша кездесу өтті.

Өткізу мақсаты-кәсіптік бағдар беру жұмысы. Кездесу онлайн форматта тікелей эфирде өтті.

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К. С. сұхбатқа шақырылды.

Кездесу барысында келесі тақырыптар қозғалды:

  • “Bolashaq”академиясындағы білім беру бағдарламаларымен танысу;
  • оқуға түсу ережелері;
  • академиялық ұтқырлық;
  • болашақта фармацевтикалық қызметтің маңыздылығы..

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.