Туған күніңмен, Болашақ!

Осыдан тура 15 жыл бұрын, 2005 жылдың бірінші қыркүйегінде мен Қарағанды өзекті Болашақ білім беру институтының студенті атандым.

Мен мұнда ҚарМУ грантына түсуге сәтсіз әрекеттен кейін кездейсоқ келдім. Әрине, университеттің жеке екендігі туралы күмән болды. Бірақ барлық күмән бірден сейіле бастады, бірінші семестр кезінде-ақ біз аталған ЖОО педагогикалық құрамы мамандарының біліктілігі өте жоғары екендігін байқадық.

Педагогтардың бізге берген білімі баға жетпес деп айтуға тұрарлық. Біз оқыдық, емтихан тапсырдық, алған біліміміз арқылы ғылыми жұмыстарды өз бетімізше қорғадық. Бұл Болашақта білім алудың үлкен артықшылығы деуге болады.

Болашақ – бұл жоғары оқу орны, онда педагогтер студенттерді білім деңгейі бойынша объективті бағалайтындығын айта кетуге болады.

Міне, бүгін біздің ЖОО-на 25 жыл! Маған осы маңызды күннің құрметіне өз ойымды білдіру үлкен құрмет болды.

Осы жылдар ішінде Болашақ түрлі салалардағы көптеген мамандарды шығарып үлгерді және алда әлі де көптеген мақтанарлық түлектер білім алып шығатындығына сенімдімін.

Біздің жоғары оқу орнымыздың барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық, кәсіби қызметте және өмірде табыстар тілей отыра; мамандықтар саны өсе берсін, біздің жоғары оқу орнымыз 25 жыл бойы келе жатқан сара жолымен ілгері дами берсін, бүкіл әлем ол туралы және оның жоғары білікті мамандары туралы біле берсін дегім келеді.

Шынайы тілекпен, Болашақтың 2009 жылғы түлегі Кустовская (Эм) Наталья Леонидовна

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.