“Білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі”семинары

2023 жылдың 23 қаңтарында “Bolashaq” академиясында оқу-әдістемелік басқармасы ұйымдастырған “Білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі” тақырыбында семинар өтті.

Семинарға профессор-оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері, бөлім басшылары және жоғары оқу орнының академиялық комитеттері қатысты.

Семинарды ОӘБ басшысы Салтанат Тұрсынханқызы Туғанбаева ашты, ол білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістерін, ББ паспортын әзірлеу процесінде оқыту нәтижелерін жобалауды және оны Тізілімге енгізу үшін бағалау әдістемесін түсіндірді.

Екінші болып “Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасының меңгерушісі Газиханова Жанар Ғазизқызы сөз сөйледі. “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының мысалында әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында оқытушылар, академиялық комитеттердің мүшелері белсенді қатысып, сөз сөйлеушілерге білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқыту нәтижелерін тұжырымдау және оқу пәндерін сипаттау бойынша сұрақтар қойды.

Семинар қорытындысы бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі проректор С. Б. Бекжанова жыл сайын осындай іс-шараларды өткізуді ұсынды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.