2025–2026 оқу жылында оқу, ғылым, спорт және қоғамдық қызмет салаларында жоғары жетістіктерге жеткен студенттерге Ғылыми кеңестің салтанатты отырысында арнайы шәкіртақылар табысталып, құрмет көрсетілді.
Марапат иелері қатарында республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми байқаулардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Академияның қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген студенттер бар.
Олардың қатарында:
«Жыл студенті – 2025» атағының иегері, студенттік өзін-өзі басқару көшбасшысы Кадрин Тілеген Берекеұлы;

Республикалық студенттік спорт лигасының жүлдегерлері Нұрнәби Әлібек Алмазұлы мен Даулет Бақытжан Бауыржанұлы;
Халықаралық олимпиадада ІІІ орын иеленген «PharmCare» командасының мүшелері

Аскерова Екатерина Евгеньевна Фм-21-1
Оразгали Айжан Фм-22-1
Карабаева Гулнур Аскаровна Фм-23-2
Шипиль Валерия Руслановна Фм-22-1
Кусаинова Айгерим Токтасыновна Фм-21-2;
Республикалық пәндік олимпиада жүлдегері Расбай Мәншүк;
Халықаралық мультимедиялық презентациялар байқауында үздік нәтиже көрсеткен заңгерлік бағыттағы студенттер Туран Расул Ю-25-4 тобы – І дәрежелі диплом

Ибрагимова Асыл Ю-24-1 тобы – ІІІ дәрежелі диплом
Темірбай Сабина Ю-25-4 тобы «Практикалық маңыздылығы үшін» ІІІ дәрежелі диплом марапатталды.
Студенттеріміздің жетістіктері – Академиямыздың мақтанышы. Оларға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!